top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы ұжымға жаңа бас директорды таныстырды.

KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры болып Жандос Нұрмағанбетов тағайындалды. Мағзұм Мырзағалиев Жандос Нұрмағанбетовтың әртүрлі жауапты лауазымдарда айтарлықтай тәжірибесі мол екенін атап өтті. Әр жылдары «KEGOC» АҚ-да және өңірлік энергетикалық компанияларда жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

-Бүгінгі таңда KAZENERGY алдында маңызды міндеттер тұр, оның ішінде 2028 жылы Дүниежүзілік мұнай конгресін ойдағыдай өткізу. Мұнай-газ және энергетика салаларындағы түрлі компанияларды біріктіретін Қауымдастық өз қатарына жаңа кәсіпорындарды қабылдауды жалғастыруда. Олардың барлығы өңірлерді дамытуға белсенді қатыса отырып, ел экономикасына елеулі үлес қосуда. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар, Парламент және Қауымдастық мүшелері арасында конструктивті диалог жолға қойылған. Бұл жұмыс жалғасады, - деп атап өтті Қауымдастық Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.


Бұдан басқа Қауымдастық сарапшылары саланың заңнамалық базасын қалыптастыруға қатысады және Үкіметпен тұрақты диалог орнатуда. Сондай-ақ KAZENERGY қызметінің тиімділігін арттыру үшін Қауымдастықты дамытудың жаңа стратегиясын қабылдау жоспарлануда.

Іс-шара соңында Мағзұм Мырзағалиев KAZENERGY қауымдастығының бұрынғы бас директоры Әлібек Қуантыровқа нәтижелі жұмысы үшін алғысын білдірді.

-Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап депутаттық корпуспен үлкен жұмыс атқарылды, Қауымдастық мүшелерімен заң шығару жұмысын тұрақты үйлестіру жүзеге асырылуда, халықаралық ұйымдармен жұмыс жандандырылды, сала мүдделерін қорғау үшін проблемалық экологиялық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл күшейтілді, - деп атап өтті KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы.

5305243230536850499.jpg

5305243230536850501.jpg

5305243230536850500.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.