2024 жылдың шілде және тамыз айларында Қауымдастық құрамына келесі компаниялар кірді:
- «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе облысындағы Әлібекмола және Қожасай кен орындарында көмірсутектерді өндіреді;
-
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық және нормативтік ақпараттың деректер қорын қалыптастырумен және жаңартумен, сондай-ақ геологиялық-кәсіпшілік деректерді өңдеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеумен және енгізумен айналысады;
-
«Қаламқас-Хазар Оперейтинг» ЖШС Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов жер қойнауы учаскелерінің жер қойнауын пайдаланушы болып табылады;
-
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру саласында қызметін жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым болып табылады.
Қауымдастықтағы компаниялардың саны 68-ге жетті. Жаңадан қосылған компанияларды құттықтаймыз!