Мемлекеттік органмен және мұнай-газ саласының өкілдерімен стратегиялық ынтымақтастық шеңберінде KAZENERGY қауымдастығы салалық біліктілік жүйесін жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыс сессияларын бастады. Бұл іс-шаралар қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кәсіби стандарттарды жаңартуға және нақтылауға бағытталған.
Жұмыс сессияларының мақсаты - кәсіби стандарттардың ағымдағы жағдайын талқылау және оларды жақсарту бағыттарын анықтау.
-Мұндай жұмыс сессиялары барлық мүдделі тараптардың диалогы мен бірлесіп жұмыс істеуі үшін маңызды платформа болады. Осы сессиялардың нәтижелері кәсіби стандарттарды едәуір жақсартатынына және Қазақстанның салалық біліктілік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз, - деді "KAZENERGY" қауымдастығының Адами капиталды және еңбек қатынастарын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина.