KAZENERGY қауымдастығында интерактивті іскерлік ойын форматында ұйымдастырылған «Климат жөніндегі саммит» атты онлайн-воркшоп өтті. Іс-шараға Қауымдастыққа мүше компаниялардың өкілдері қатысты.
KAZENERGY атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина құттықтау сөз сөйлеп, воркшоп спикері – Chapter Zero Kazakhstan Даму жөніндегі директоры және En-Roads Климат туралы іскерлік ойындардың ресми елшісі Наталья Бачинскаяны таныстырды.
Воркшопқа қатысушылар Массачусетс технологиялық институты (MIT) және Climate Interactive коммерциялық емес ұйымы әзірлеген En-Roads тренажері арқылы парниктік газдар шығарындыларын жаһандық азайту сценарийлерін модельдеумен айналысты. Ойын барысында олар үкіметтің, бизнестің, экологиялық ұйымдардың және халықаралық институттардың өкілдері рөлін атқара отырып, тұрақты энергетикаға көшу бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау үлгісін жасады.
Пікірталастың нәтижесі климаттық мақсаттарға қол жеткізу тек кешенді тәсілмен — жаңартылатын энергия көздерін дамытудың, энергия тиімділігін арттырудың, көміртекті реттеудің және технологиялық инновациялардың үйлесімімен ғана мүмкін болатындығын көрсетті.
Бұл воркшоп пікір алмасу және орнықты даму мен декарбонизация саласында тиімді шешімдер іздеу үшін маңызды алаңға айналды. KAZENERGY қауымдастығы көміртегі ізін азайтуға және Қазақстанда жауапты энергия тұтынуды ілгерілетуге бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруда.
Анықтама:
KAZENERGY қауымдастығы Chapter Zero Kazakhstan Қамқоршылық кеңесінің серіктесі және мүшесі болып табылады.
