top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY жастарға арналған жобасы  - «Энергия – өмір көзі» анимациялық және танымдық видеороликтер байқауы» еліміздің барлық өңірлерін қамтып, 280-нен астам қатысушының басын қосты

2020 жылдың 2 қарашасында еліміздің жоғары буын оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының 15-22 жас аралығындағы студенттеріне арналған «Энергия – өмір көзі» анимациялық және танымдық видеоероликтер байқауы басталды.

Байқауға жас ұрпақтың назарын энергетикалық секторды дамыту мәселелеріне және адам өміріндегі КСШ рөліне аудару мақсатында танымдық анимациялық видеороликтер дайындалады.

Мұнай-газ саласын зерделейтін дарынды жастарды іздестіру және қолдау, шығармашылық қызметті танымал ету - байқаудың тағы да бір міндеті болып табылады.

Қатысушыларға көмек ретінде, сондай-ақ қатысушыларға әлемдік және отандық мұнай-газ секторының даму тарихы мен қазіргі жағдайы туралы кеңінен әңгімелеп беру үшін KAZENERGY қауымдастығы 15-25 желтоқсан аралығында 10 тақырыптық вебинар ұйымдастырды.

Спикерлер ретінде жоғары кәсіби мамандар сөз сөйледі: Қайыргелді Қабылдин, Балтабек Қуандықов, Құрманғазы Исқазиев, Раушан Сармұрзина, Павел Климов, Владимир Клякин, Рүстем Қабжанов, Айнұр Соспанова, Дәурен Сағидолла және Әсет Шаймерденов.

Жоба ҚР барлық облыстарын және Республикалық маңызы бар қалаларды қамтыды. Осы уақыт ішінде байқаудың электрондық мекенжайына 289 өтінім берілді. Барлығы 136 жұмыс келіп түсті.

Ұйымдастырушылардың атына келіп түскен роликтер ұлдар мен қыздардың мұнай-газ саласының тарихы туралы тамаша білетіндерін, экономиканың осы маңызды секторының алдында тұрған өзекті мәселелер мен міндеттерді жақсы түсінетінін көрсетті. Жіберілген видеоматериалдардың мазмұны мен сапасы болашақ мамандардың жоғары әлеуетін, тамаша техникалық дағдыларын көрсетеді.

27 қаңтарда жобаның нәтижелері жарияланады, байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар, финалистерге дипломдар, ал жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі.

Қатысушылардың үздік роликтері KAZENERGY қауымдастығының ресми youtube-арнасына жарияланады.

$RDG7RGC.png
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.