top
top
Жаңалықтар

Қазақстан мен Хорватия арасындағы тауар айналымы 2023 жылы шамамен 20%-ға өсті

Загреб қаласы, Хорватия

KAZENERGY Бас директоры Әлібек Қуантыров Қазақстан тарапынан тең төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің атынан Қазақстан-Хорватия Іскерлік кеңесінің бірінші отырысына қатысты.

Қауымдастық басшысы өз сөзінде 2023 жылы өзара тауар айналымы 20%-ға артып, $432 млн. жеткенін атап өтті.

ҚР-дан экспорт – $398 млн
Хорватиядан импорт – $34 млн
Экспорттың 99,6%-ы Хорватияға Қазақстан мұнайы мен мұнай өнімдерін жеткізуді құрайды.

Сонымен қатар Іскерлік кеңес аясында Ә.Қуантыров еліміздің мұнай-газ саласындағы ҚР Үкіметінің маңызды әріптесі ретіндегі KAZENERGY қауымдастығы қызметінің негізгі міндеттері мен басты бағыттарымен таныстырды.

-Өзара тауар айналымын әртараптандырудың ықтимал бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, фармацевтика, туризм, білім беру, өнеркәсіп өндірісі және экономиканың басқа салаларындағы мүмкіндіктерді қарастыру ұсынылады, - деді ол.

Қазақстандық делегация құрамына KAZENERGY қауымдастығының мүшелері қатарынан мұнай-газ секторындағы бірнеше ірі компаниялар, сондай-ақ:
  • ҚР Сыртқы сауда палатасы
  • «Kazakh Invest» АҚ
  • экономиканың әр түрлі салаларының жеке компаниялары кірді

KAZENERGY құрамына Қазақстанның мұнай-газ, энергетика және атом секторындағы 61 компания кіреді. Қауымдастық мүшелері мұнай және конденсат өндірудің 85%, газ өндірудің 95%, мұнай мен газ тасымалдаудың 100%, мұнайды қайта өңдеудің 95% және электр энергияны тасымалдаудың 100% қамтамасыз ете отырып, еліміздің энергетика саласына айтарлықтай үлес қосуда. Осылайша, Қауымдастық мұнай-газ саласындағы қызметтің барлық спектрін: геологиялық барлаудан бастап мұнай өнімдерін өндіруге, қайта өңдеуге, және сатуға дейін қамтиды.

photo_5283101389930749317_y.jpg

photo_5283101389930749318_y.jpg

photo_5283101389930749319_y.jpg

photo_5283101389930749320_y.jpg

photo_5283101389930749321_y.jpg

photo_5283101389930749322_y.jpg

photo_5283101389930749323_y.jpg

photo_5283101389930749324_y.jpg

photo_5283101389930749325_y.jpg

photo_5283101389930749433_y.jpg

photo_5283101389930749434_y.jpg

photo_5283101389930749435_y.jpg

photo_5283101389930749436_y.jpg

photo_5283227004839256247_y.jpg

photo_5283101389930749438_y.jpg

photo_5283101389930749439_y.jpg

photo_5283101389930749440_y.jpg

photo_5283101389930749441_y.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.