Тараптар "KAZENERGY" қауымдастығы мен БҰҰ-ның бейіндік алаңдарындағы шетелдік әріптестер арасындағы ресурстарды басқару және энергетика мәселелері бойынша ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын талқылады.
Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру және энергетика саласын дамыту кезінде озық әдістерді енгізудің маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ БҰҰ ЕЭК шеңберінде "KAZENERGY" тең құрылтайшысы болып табылатын ресурстарды орнықты басқару жөніндегі халықаралық озық тәжірибе орталығын одан әрі ілгерілету мәселелері талқыланды. Тараптар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Алматыда БҰҰ Тұрақты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы бастамасын іске асыру тұрғысынан аталған орталықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Женева алаңында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимылды күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.