top
top
Жаңалықтар

«Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» семинар-кеңесі

Ағымдағы жылғы 13-14 маусымда Қызылорда қаласында «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС алаңында ҚР Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚОР» ҰК АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «СНПС Айдан-Мұнай» АҚ, «ПетроҚазақстан Кумколь Ресорсиз» АҚ, «ҚуатАмлонМұнай» БК» ЖШС, «САУТС-ойл» ЖШС, «Құмкөл Тран Сервис» ЖШС, «Көлжан» ЖШС, «Kazpetrol Group» ЖШС, «Кристалл Менеджмент» АҚ, «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС, «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, сондай-ақ Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері: еңбек саласында бақылау басқармасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» семинар-кеңесі өтті.

ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б.А. Маханов семинар-кеңес қатысушыларына ҚР ЭМ жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия шеңберінде жүргізілетін жұмыс жөнінде баяндады.

Өз сөз сөйлеуінде ол өңірлер бойынша іссапарларға шығудың басты мақсаты – бұл еңбек заңнамасының, салалық келісімнің нормаларын түсіндіру, ұжымдық шарттарды уақтылы жасасу қажеттілігі, жалақысы төмен қызметкерлерге жалақысын көтеруді қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды болдырмау, тараптардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейту және әлеуметтік әріптестікті дамыту және т.б. мәселелерін талқылау деп атап өтті. Өндірістік жарақаттану жағдайларын төмендету немесе болдырмау мақсатында 2018 жылғы 7 желтоқсандағы ҚР ЭМ жанындағы салалық комиссия отырысында «Мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия өнеркәсібінде қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Еңбек заңнамасындағы перспективалық өзгерістер туралы, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысы туралы «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л. Ахмурзина сөз етті. «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директоры М.К. Мұстафаев әлеуметтік әріптестікті дамыту және өңір кәсіпорындары үшін мұнай-газ саласында салалық келісімнің ережелерін түсіндіру бойынша жүргізілетін жұмыс маңыздылығын атап өтті.

Қызылорда облысы әкімдігінің еңбек саласында бақылау басқармасы басшысының орынбасары – мемлекеттік еңбек инспекторы Т.Шалбаеваның баяндамасында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ қатысушыларға Қызылорда облысы кәсіпорындарында еңбек заңнамасын және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау нормалары жөнінде хабар берді.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Е.Рахымбергенов компаниялар тобында жүргізілетін әлеуметтік саясат туралы айтты. Кәсіптік одақтар өкілдері кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік дамыту және 2017-2019 жылдарға арналған салалық келісімді іске асыру бойынша қызметі, сондай-ақ кәсіподақ жұмысына жаңа мүшелерді тарту жөнінде баян етті.

Семинар-кеңес шеңберінде мұнай және газды қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін ЕҚжҚ, ПТМ және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша семинар өткізілді. Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша және мұнай-газ саласында 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімді әзірлеу бойынша жұмыс барысы туралы түсіндіру жұмысын жүргізуді жалғастыру қажеттілігі жөнінде ұсынымдар жасалды.

Осындай көшпелі семинар-кеңестерді өткізу мұнай-газ саласында әлеуметтік әріптестік тараптары арасында өзара қарым-қатынастың тиімді жүйесін дамытуға алып келеді.

IMG_6565_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.