Мұнай Brent: 44.4000 от 09.08.20 (11:48)

2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімге қол қойылды

2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімге қол қойылды
22 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырысқа әлеуметтік әріптестік тараптары: ҚР Энергетика министрлігінің атынан уәкілетті мемлекетті орган; жұмыс берушілер: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Карашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «PSA» ЖШС; «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы; «KAZENERGY» қауымдастығы; салалық кәсіподақтар атынан жұмыскерлердің өкілдері: «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ қатысты.

Салалық комиссияның төртінші отырысының күн тәртібінде мына мәселелер болды: әлеуметтік әріптестіктің барлық үш тарапы жағынан тепе-тең ұсынуды есепке ала отырып, Комиссия құрамын өзгерту, «ҚМГИ» АҚ-дан салада кәсіби стандарттарды әзірлеу барысы және олардың келісімі мен бекітуі бойынша мүдделі тараптарда және «Атамекен» ҰКП-да одан әрі қадамдары туралы есеп. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша жүргізілетін жұмыстар және еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде бейнеконференция байланысы режимінде баяндады. Сонымен бірге «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «КННК Интернешнл» ЖШС, «Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» және «Бузачи оперейтинг Лтд» ЖШС жұмыс берушілері атынан өкілдер кәсіпорындарда ұқсас бағыттағы жұмысы туралы сөз етті.

Күн тәртібінің негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік әріптестік тараптарының 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімге қол қоюы болды.

ҚР Энергетика министрлігі құжатты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда тіркегеннен кейін ол «KAZENERGY» қауымдастығының сайтына орналастырылады.
Келісімде жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға, кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыруға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және еңбекті қорғауға және т.б. қатысты бірқатар өзгерістер бар. Еңбек ақысын төлеу жүйесінің салалық принциптері бөлігінде, разрядаралық коэффициенттің ең төмен деңгейі мен бірінші разряд жұмысшының айлық тарифтік мөлшерлемесінің ең төмен мөлшері белгіленді, олар кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында арту жағына қарай өзгеруі мүмкін.

Отырыс қорытындысы ретінде «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ, төрағасы, ҚР Кәсіподақтар федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі С.Қалиев ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Мағауов пен KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Б.О. Ақшолақовты ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапаттады және ҚР Энергетика министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығына мұнай-газ саласында әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табыстады.

IMG_4105!.jpg

IMG_4039!.jpg

2797a088-d27d-4e0d-a598-4344278e36a6!.jpg
Комментарий