«KAZENERGY» қауымдастығы көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы операциялардың салдарын жою бойынша Мемлекеттік орган қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу қағидаларының жобасын қарады және келісті. Құжатты әзірлеуші – Энергетика министрлігі және «KAZENERGY» қауымдастығының мүшелері жан-жақты қарап, талқылады.