2023 жылғы 17 наурызда Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлының төрағалығымен «KAZENERGY» қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесінің (ҒТК) кезекті отырысы өтті. Өз жобаларының презентацияларымен «Вымпел» ҮЕҰ, «Инженерлік-өндірістік орталық» АҚБ, «Tengiz Operating Services» ЖШС және «ESG Solutions» - NATURE FIRST ҒИО өкілдері сөз сөйледі.
ҒТК назарына мынадай жобалар ұсынылды:
- Газ және оның шығынының сапасын бақылауға арналған жүйелер;
- Тот басудан қорғаудың кешенді шешімі;
- Тәуекелді басқару жүйелері – электронды наряд рұқсаттаманың жүйесі;
- Энергияны жинау, сақтау және өткізу технологиясы - Криогенді Энергия станциясы.
«KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұ.С. Қарабалин ҒТК-те айтылған жобалардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті және Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытуға қызығушылық білдіргендері үшін компания өкілдеріне алғысын білдірді.
