top
top
Жаңалықтар

Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес KEW/KEF 2023 туралы аңдатпа жасады

Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес (ДЭК) өз интернет сайтына 2023 жылғы 3-6 қазан аралығында өтетін Қазақстан энергетика апталығы – KAZENERGY XV Еуразиялық форумының аңдатпасын жариялап, мұнымен KAZENERGY қауымдастығына қолдау көрсетті.

KAZENERGY қауымдастығы ДЭК Бас хатшысы Анджела Уилкинсонның KEW-2023-ке қатысуы және Қазақстан энергетика апталығының шеңберінде жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел форматында бірлескен сессия жүргізу бойынша Дүниежүзілік энергетикалық кеңес хатшылығымен келіссөздер жүргізуде.

Сонымен қатар Нидерландының ДЭК Ұлттық комитетінің Роттердам қаласында 26-шы Дүнежүзілік энергетикалық конгресті ілгерілету үшін KAZENERGY көрмесіне қатысуы талқылануда (2024 жылғы 22-25 сәуірде).
KAZENERGY Еуразиялық Форумы - бұл Каспий және Орталық Азия өңірлерінде энергетикалық сектордың басты тұрақты халықаралық оқиғасы.

2023 жылы Форум ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және мүдделі мемлекеттік органдар атынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өткізіледі.

Форум жұмысына мыңдаған делегаттар мен қонақтар – беделді саяси тұлғалар, танымал сарапшылар, дүниежүзілік энергетика көшбасшылары, үкіметтердің, салалық ведомстволардың басшылары, ғылыми-зерттеу және консалтингтік құрылымдардың, қазақстандық және шетел компаниялардың басшылары қатысады.

Kazenergyforum.com сайтында қатысушылардың тіркелуі ашық.

АНЫҚТАМАЛЫҚ: Дүниежүзілік энергетикалық кеңес — Ұлыбританияның және Еуропа мен Солтүстік Американың бірқатар өндірістік дамыған елдерінің іскерлік және энергетикалық ортасының бастамасымен құрылған ірі энергетикалық халықаралық үкіметтік емес ұйым.
ДЭК құрамына мемлекеттік билік органдарын, өндірістік және сарапшылық ұйымдарды қоса алғанда, 93 ұлттық комитет, әлемнің 90 елінің 3000-нан астам мүше ұйымдары кіреді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.