KAZENERGY басшылығы Астана қаласында Қ.Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Елордада Қазақстанның біртуар академигінің 125 жылдығы атап өтілді. Салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсіміне KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Әлібек Қуантыров, Үкімет мүшелері, депутаттар, ғалымдар және қала тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар іс-шара барысында белгілі қазақ ақыны, ойшылы Мәжһүр Жүсіп Көпеевтің Қ.Сәтбаевқа арналған сөздері жазылған белгітастың ашылуы да болды.
Қ.И.Сәтбаев геология, металлургия, ғылымды дамытуға үлкен үлесін қосқан. Ол Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушысы болды.
Ескерткіштің жобасын ұлы ғалымның жерлестері – Баянауыл жұртшылығы жасаған. Мүсінші – Асқар Нартов. Қола ескерткіштің биіктігі 5,25 метрді құрайды.