top
top
Жаңалықтар

Теміртауда ECOJER ІІ Өңірлік экологиялық форумы өтті

Іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, KAZENERGY қауымдастығының, Қазақстандағы Еуропалық Одақ, бизнес, ғылыми қоғамдастық өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

ECOJER форумы барысында экологияның өзекті мәселелері, өнеркәсіптің энергетикалық трансформациясы, кәсіпорындарда ең үздік қолжетімді техникаларды (ЕҮҚТ) және эмиссия көздеріндегі автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу, қалдықтарды басқару, құрылыста жасыл технологияларды енгізу арқылы ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

⚡️Теміртаудағы экологиялық проблемаларды ескере отырып, өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Qarmet» АҚ өкілдері қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған алдағы жылдарға арналған даму стратегиясын таныстырды.

Сондай-ақ Форум аясында қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелерін шешуге елеулі үлес қосқан түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың мамандарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен:
  • Сейітова Лейла Есетқызы – «KAZENERGY» қауымдастығының экологиялық реттеу департаментінің бас сарапшысы;
  • Бисалиев Таир Тілеуліұлы – «Теңізшевройл» ЖШС экология жөніндегі кеңесшісі марапатталды.

photo_5404412492098165485_y.jpg

photo_5404412492098165486_x.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.