Бүгін Астанада KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов АДБ-ның Орталық және Батыс Азия бойынша энергетика секторы жөніндегі тобының директоры Джунхо Хвангпен кездесу өткізді.
Тараптар көміртексіздендіру мәселелері бойынша жобаларды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ ҚР-да энергетика саласында іске асырылатын ағымдағы және жоспарлы жобалар туралы ақпарат алмасты.
Сонымен қатар энергетикадағы цифрландыруды қаржыландыру бойынша жобалар қаралды, атап айтқанда қаржы институтының өкілдері АДБ-ның KAZENERGY қауымдастығына («QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ) мүше компанияларды цифрландыру жобалары, АДБ қатысуымен энергетикалық жобалардың ағымдағы жағдайы туралы айтып берді.
Өз кезегінде Жандос Нұрмағанбетов АДБ делегациясына KAZENERGY қауымдастығындағы «Аналитикалық орталығының» қызметі және оның саладағы өзекті ақпарат көзі ретінде аналитикалық және статистикалық мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ Азия Даму Банкі көмір генерациясының баламалы және жаңартылатын энергия көздеріне әділ көшуін қаржыландыруға арналған энергетикалық ауысудың халықаралық тетігін (Energy Transition Mechanism) тарту жөніндегі жобаның бастамашысы болып табылатынын атап өткен жөн. KAZENERGY қауымдастығы бұл жобаны 2022 жылдан бастап қолдайды және жұмыс талқылауларына қатысады.
Кездесу қорытындысы бойынша KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов АДБ өкілдеріне Ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мәселесін қарауды ұсынды және келесі жылы KAZAKHSTAN ENERGY WEEK-2025/ KAZENERGY XVI Еуразиялық форумына қосалқы ұйымдастырушы мен әріптес ретінде қатысуға шақырды.