Бүгін KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетовтің Бейжіңдегі THT Group-Beijing компаниясының Бас директоры, ШЫҰ-СЕСС цифрлық технологиялар ұлттық платформасы жұмыс комитетінің Орталық Азиядағы өнеркәсіптік ынтымақтастық қызметі кеңсесінің директоры Хуан Цзюньвэймен кездесуі өтті.
Кездесу барысында THТ Group-Beijing компаниясының өкілдері жүйені жаңғырту және жылумен жабдықтау саласында цифрлық шешімдерді қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Заманауи цифрлық технологиялар жылу желілерін басқаруды оңтайландыруға, ағып кету мен апаттарды уақтылы анықтауға, энергия шығынын азайтуға, сондай-ақ жылу тұтынуды барынша дәл есептеуге мүмкіндік береді.
Тараптар жылумен жабдықтаудың заманауи тұрақты жүйелерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықтың ықтимал нұсқаларын қарастыруға келісті.