2024 жылғы 6-8 қараша аралығында Атырау қаласында «KAZENERGY» қауымдастығы (бұдан әрі – Қауымдастық) «Мұнай-газ секторында экология саласындағы реттеуші мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Ж.Ш. Әлиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - ЭРБК) төрағасы Е.С. Кожиков, ЭРБК төрағасының орынбасары А.М. Бекмұхаметов, ЭРБК және Атырау облысының Экология департаменті сарапшыларының кең ауқымы, Қауымдастыққа мүше мұнай-газ өндіру және мұнай-газ өңдеу кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Бұл дөңгелек үстел мемлекеттік органдар мен Қауымдастық мүшелерінің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі күш-жігерін біріктіруге, сондай-ақ одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың негізін қалауға мүмкіндік берді.
Қатысушылар мұнай-газ саласындағы кешенді экологиялық рұқсаттар (КЭР) алу және АМЖ-дан алынған сабақтар/оны енгізу сын-тегеуріндері, мемлекеттік экологиялық сараптама және экологиялық рұқсат алу, «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ порталының жұмыс істеуін жетілдіру сияқты өзекті экологиялық мәселелерді талқылады.
Дөңгелек үстел аясында өңірдің «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС сияқты жетекші мұнай-газ кәсіпорындарының өндірістік объектілеріне көшпелі сессиялар өткізілді. Көшпелі сессиялардың мақсаты - кәсіпорындардың өндірістік қызметімен танысу және табиғатты қорғау іс-шараларының мәртебесін талқылау.