KAZENERGY қауымдастығында Қауымдастықтың Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Германияның GIZ даму агенттігінің «Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздері» жобасының жетекшісі Свен Эрнедалмен кездесті.
Кездесу барысында энергетика саласындағы ағымдағы жағдайды қоса алғанда, Қазақстанда энергетика саласын дамытуға қатысты мәселелердің кең ауқымы, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесін арттыруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан төмен көміртекті экономикаға көшу және ЖЭК енгізу бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын, бұл ретте халықаралық әріптестермен, оның ішінде GIZ-пен тығыз өзара іс-қимылға көп көңіл бөлінетінін атап өтті. Свен Эрнедал Орталық Азия өңірін тұрақты дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығына тоқталып және осы үдеріске жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Тараптар Қазақстанның «жасыл» энергия және энергия тиімділігін арттыру саласындағы міндеттерін шешуге ықпал ететін бірлескен іс-қимылдардың жол картасын жасауды пысықтауға келісті.
Көршілес елдердің энергетикалық жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты болып келетін Орталық Азия өңірі аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. KAZENERGY мен GIZ арасындағы өңірдің басқа елдерінің қатысуымен болатын ынтымақтастықтың ықтимал жолдары талқыланды.
Айта кетейік, Германия жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады және 2024 жылы осы елде өндірілген энергияның жалпы көлеміндегі «жасыл» энергия көздердің үлесі 60%-дан асты.
KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан мен Орталық Азияның тұрақты энергетикалық дамуы саласындағы жобаларды іске асыру үшін GIZ және басқа да халықаралық әріптестермен белсенді ынтымақтастықты жалғастыра береді.
