top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының  қауымдастығы 2017 жылғы 9-13 шілдеде Стамбул қаласында (Түрік Республикасы) Дүниежүзілік Мұнай  Кеңесі өткізіп жатқан  22-ші Дүниежүзілік мұнай  конгресінің мәжілісіне  (World Petroleum Congress - WPC) қатысуда.

Мұнай-газ индустриясының жетекші ойыншылары кездесетін ғаламдық орын және маңызды оқиға болып табылатын Дүниежүзілік мұнай конгресі дүниежүзілік мұнай саласының соңғы тренділері мен басқару әдістерін талқылау үшін үш жылда бір рет өткізіледі.

Қазақстандық делегацияны Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастап барды, оның құрамында KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов, KAZENERGY қауымдастығының Атқарушы директоры Рамазан Жампейісов, NCOC консорциумы Бас директорының орынбасары Жақып Марабаев, PSA ЖШС Бас директоры Мұрат Жүребеков бар.

Биыл конгреске 119 елден келген 6000 делегат және 1500 мұнай-газ компаниясы қатысады. WPC бағдарламасында Министрлер сессиясын, панельдік пікірталастар, пленарлық мәжілістер, дөңгелек үстелдер, сараптамалық топтың мәжілістерін өткізу көзделген.

Конгрестің қарсаңында ДМК мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылатын Атқарушы комитет пен кеңестің мәжілістері өтті. Қазақстандық делегация кездесуге қатысып, атқарушы органдар мен ДМК бағдарламалық комитетінің өткен үш жылдағы қызметі туралы жылдық есептерін тыңдады.

Жалпы алғанда 22-ші Дүниежүзілік мұнай конгресінің бағдарламасында техникалық сессиялар, сөз сөйлеулер, презентациялар, форумдар қамтылған және ол «Мұнай мен газ өндіру және барлау», «Мұнай өңдеу, мұнай химиясы, тасымалдау, маркетинг», «Табиғи газ: өндірістік технологиялар, тасымалдау, нарықтар», «Менеджмент, кадр саясаты, ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік, геосаясат» деп аталатын бірнеше тақырыптық блоктардан тұрады. Түркия Энергетика және табиғи ресурстар министрі Берат Альбайрак, РФ Энергетика министрі Александр Новак, Saudi Aramco президенті Амин Х.Нассер және басқалары әртүрлі блоктардың спикері болады.

Сейсенбі күні Қазақстан Ұлттық комитетінен «Мұнай-газ мега жобаларын игеру» сессиясының тең төрағасы дәрежесінде Жақып Марабаев сөз сөйлейді, ол операторы NCOC болып табылатын Каспий теңізінің қазақстандық қайраңында орналасқан алып кен орны Қашағанды игеру туралы айтып береді. ExxonMobil Development Company Вице-президенті Мег О”Нил төрағасы болатын, ал екінші тең төрағасы CNOOC Вице-президенті д-р Чен Би болатын осы сессия конгреске қатысушылар тарабынан зор қызығушылық туғызады деп күтілуде. Ірі мұнай-газ кен орындарын игеруге байланысты пікірталас барысында қатысушылар саладағы мега жобалардың тәуекелдерін қалай азайтуға болады, барлау және игеру бойынша ауқымды жұмыстарды басқару тиімділігін қалай арттыруға болады, МНК, ККК және басқа да қызмет көрсетуші компаниялардың болашағы қандай деген сияқты өзекті сұрақтарға жауап береді.

ДМК басшылығы Қазақстанның конгрестің бағдарламалық сессиясына бірінші рет тең төрағалық етіп отырғанын атап көрсетті және KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев басқаратын Қазақстан Ұлттық Комитетіне табысты әрі өнімді еңбек еткендері үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде ДМК Маркетинг жөніндегі Вице-президенті және Атқарушы комитетінің Мүшесі болып тағайындалған KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов конгресс жұмысына мұнай-газ алыптарының қатысуы аса маңызды екенін атап көрсетті және болашақта әлемнің беделді мұнай шараларында өз стратегияларын көрсету мақсатында Қазақстаннан бұдан да көп компаниялар ағылып келетініне сенім білдірді.

Жамболат Сәрсенов айтып өткендей 22-ші Дүниежүзілік мұнай конгресі - әлемдік деңгейде маңызы бар оқиға. Оның пікірінше бұл шара мұнай бизнесінің саяси астарлардан тәуелсіз, өз бетінше дамуға қабілетті екенін дәлелдейді.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.