top
top
Жаңалықтар

Қазақстанға өндіруші салалардың айқындылығы бастамасын (EITI) іске асырудағы «айтарлықтай прогресі бар» елдің мәртебесі берілді

2018 жылғы 13 ақпанда Осло қаласында (Норвегия) өндіруші салалардың айқындылығы бастамасының (бұдан әрі - ӨСАБ) халықаралық басқармасының 39-отырысы өтті. Отырыс барасында Қазақстанның ӨСАБ Стандартының талаптарына қол жеткізу бойынша валидациядан өту қорытындылары талқыланды.

EITI-Extractive-Industries-Transparency-Initiative.jpg

ӨСАБ басқармасы Қазақстанның жасаған жұмысын жоғары бағалап, «айтарлықтай прогресі бар» ел мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Шешімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің (МТҰК) «азаматтық қоғамды, бұқаралық ақпарат көздері мен мүдделі тараптарды қоса отырып, қазіргі заманғы және сенімді ақпаратты ұсыну жолымен өндіруші салаларындағы айқындылық пен есептілікті арттырудағы» прогресі аталып көрсетілген. Басқарма Қазақстанның жергілікті қамту, әлеуметтік инвестициялар, мұнайды, газ бен пайдалы қазбаларды тасымалдау туралы қосымша ақпаратпен ӨСАБ есептілігін кеңейткенін де белгіледі.

Бұдан басқа ӨСАБ басқармасы Қазақстанның мемлекеттік жүйелерде өндіруші салалар туралы қаржы деректері мен басқа ақпаратты жариялауына жоғары баға берді. Бұл шарт міндеттемелерін бақылау үшін үкіметтік дерекқорына ашық қолжетімділікті, сондай-ақ лицензиялар мен геологиялық деректердің онлайн кадастрын іске қосуды көрсетеді. Осы жұмыс Қазақстанның ӨСАБ дербес есептерінен барынша жүйелі және заманауи тәсілдеріне біртіндеп өтуін қамтамасыз етті. Осы прогреске қарамастан Басқарма транспаренттілікті нығайту бойынша, атап айтқанда мемлекеттік кәсіпорындарға, мұнай саудасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын басқаруға қатысты ақпараттың қоғам үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсынымдарын ұсынды.

ӨСАБ 51 елде іске асырылады. Оның ішінде «Айтарлықтай прогрес» мәртебесіне Қазақстан Республикасын қосқанда 14 ел ие болды.

KAZENERGY қауымдастығы Қазақстанда бағдарламаның іске қосылу сәтінен бастап ӨСАБ іске асыруға белсенді түрде қатысты. Қауымдастықтың мүшелері мұнай-газ саласының компаниялары қатысатын Мүдделі тараптар ұлттық кеңесінің мүшелері болып табылады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.