top
top
Жаңалықтар

Өзара іс-қимыл, ынтымақтастық және тепе-теңділік:
KAZENERGY форумы және KIOGE көрмесі мен конференциясы бірлескен Меморандумға қол қойды  

2018 жылғы наурыздың басында Астанада «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «ITECA» қазақстандық көрме компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Екі негізгі мұнай-газ іс-шарасының: KAZENERGY форумының және KIOGE қазақстандық халықаралық көрмесі мен конференциясының ұйымдастырушылары екі жылда бір рет мерзімділігімен оқиғалар өткізу туралы шешім қабылдады.

2018 жылдан бастап, KIOGE жұп жылдары бойынша, KAZENERGY форумы бойынша тақ жылдары жүргізілетін болады.

Екі оқиға мақсаты – мұнай-газ кешені кәсіпорындарын қолдау және дамыту, инновациялық технологиялар мен инвестицияларды тарту.


KAZENERGY форумы Қазақстанның энергетикалық секторының басты халықаралық оқиғасы болып табылады, оған мемлекет және үкімет басшылары, ірі энергетика компанияларының басшылары, сарапшылар дәстүрлі түрде қатысады, олардың баға беруіне бүкіл дүниежүзінің назары аударылуда.

KIOGE көрмесі мен конференциясы өзінің қызмет етуі тарихында Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің визит карточкасына айналды. Жыл сайын KIOGE алаңында 500-ден астам қатысушы компания мен дүниежүзінің отыз елінің 4600-ден астам бейінді келушілері кездеседі. KIOGE – бұл бизнес-платформа, онда мұнай-газ қоғамдастығының бас трендтері көрсетіледі, мұнда топ-менеджерлер мен техникалық мамандар, сату бөлімдерінің, маркетинг қызметтерінің өкілдері мен аудиторлар, заңгерлер мен HR менеджерлер жайлы сезінеді.

Орныққан альянста осы екі іс-шара еліміздің барлық мұнай-газ және энергетикалық спекторын қамтиды.

Стратегиялық әріптесі KAZENERGY қауымдастығымен қол жеткізілген уағдаластықты КИОГЕ ұйымдастырушылары өзінің 25 жылдық тарихинда жаңа саты ретінде қарастырады. Осы жылы KIOGE көрмесі мен конференциясы KAZENERGY қауымдастығының және Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі құрылымдарының белсенді қолдауымен Алматы қаласында «Атакент» ҚІЫО-да 26-28 қыркүйекте дәстүрлі түрде өтеді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.