top
top
Жаңалықтар

Қазақстан 2021 жылы Дүниежүзілік энергетикалық апталығын (World Energy Week) өткізу құқығына ие болды

2019 жылғы 8 қыркүйекте Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әміршілігі) Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің (World Energy Council) Атқарушы Ассамблеясының отырысы өтті. Дүниежүзілік энергетикалық кеңес жанындағы Ұлттық комитет атынан KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов қатысты.

Отырыс барысында 2021 жылы Дүниежүзілік энергетикалық апталығын (World Energy Week) өткізу құқығына таныстырылымдар көрсетілді. Өткізілген электронды дауыс беру қорытындысы бойынша ДЭК мүшелерінің басым көпшілігі Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдады.

Ағымдағы жылы алғаш рет өткізіліп жатқан KAZAKHSTAN ENERGY WEEK/ KAZENERGY XII Еуразиялық Форумының жобасы кең жаһандық күн тәртібімен ерекшеленеді, ол халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен назарды аудартады.

2021 жылы World Energy Week және KAZAKHSTAN ENERGY WEEK/ KAZENERGY XII Еуразиялық Форумы Нұр-Сұлтан қаласында бірыңғай алаңда өткізілетіндігі жоспарлануда, бұл жалпы мақсаттарды біріктіріп, дүниежүзілік энергетиканы одан әрі дамытудың жаңа механизмдерін ойлап табуға мүмкіндік береді.

Кең бағдарламаның шеңберінде Дүниежүзілік энергетика көшбасшыларының саммиті (World Energy Leaders’ Summit), Энергетикалық көшу жөніндегі саммит (Energy Transition Summit), Болашақ энергетика көшбасшыларының саммиті (Future Energy Leaders Summit), Қазақстан Республикасының Энергетика күні және т.б. сияқты айтулы іс-шаралар өткізілетін болады.

Іс-шаралар қатысушылары салалық министрліктердің басшыларын, ірі халықаралық ұйымдар мен мұнай-газ корпорацияларының басшыларын, дүниежүзілік аналитикалық орталықтардың өкілдерін, сондай-ақ энергетика және қаржы салаларының беделді сарапшыларын қоса отырып, барлық энергетикалық спектр бойынша 350-ден астам маман болады.

Анықтамалық:

Дүниежүзілік энергетикалық кеңес – 1923 жылы құрылған ең ірі энергетикалық халықаралық үкіметтік емес ұйым.

ДЭК құрамына мемлекеттік билік органдарын, өнеркәсіптік және сараптамалық ұйымдарды қоса отырып, 3 000 астам ұйым атынан шығатын 90-нан астам ұлттық комитет кіреді.

ДЭК қызметі дүниежүзінің барлық елдері мен өңірлерінің игілігі үшін экономикалық дамуға және энергетикалық ресурстарды бейбіт пайдалануға жәрдемдесуге бағытталған. ДЭК зерттеу мүдделерінің саласы ұлттық және халықаралық деңгейде мыналарды қамтиды:
  • әлеуетті энергетикалық ресурстар мен оларды өндіру, тасымалдау, қайта құру және пайдалану қаражатын бағалау;
  • жаһандық, өңірлік және ұлттық ауқымда энергия тұтынудың және экономикалық өсудің өзара тәуелділігі және өзара ықпал етуі;
  • энергия үнемдеу және энергия тұтынудың әлеуметтік және экологиялық аспектілері.

ggg_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.