top
top
Жаңалықтар

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «МҰНА    Й-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС

15 қарашада Орал қаласында Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. алаңында Салалық комиссия тараптары мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі өкілдерінің, жұмыс берушілері мен жұмыскерлерінің қатысуымен «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» атты семинар-кеңес өтті.

«Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» атты семинар-кеңесінің мақсаты – 2020-2022 жж. арналған Салалық келісім жобасын ұсыну, Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия жұмысы туралы хабар беру, жергілікті атқарушы органдар мен Батыс Қазақстан облысының мұнай-газ компанияларының өкілдерімен пікір алмасу.

Батыс Қазақстан облысының Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары А.Түйгінбеков БҚО-да еңбек қатынастары турады аналитикалық ақпаратпен сөз сөйледі. Ол «Еңбекті қорғау жылы» шеңберінде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және профилактикасы бойынша іс-шаралар іске асырылуда екендігі жөнінде айтты. Басқарма жазатайым оқиғалар тіркелген облыстың 5 ұйымымен бірлесіп, 2019-2021 жылдарға арналған Өндірістік жарақаттануды және зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын төмендету жөніндегі жол карталарын әзірледі және оны іске асыруда. 2019 жылы 87 млн. астам теңге сомасына 126 кәсіпорнында берешек өтелді. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. және «Жайықмұнай» ЖШС-ның тапсырыс берушіден бастап соңғы мердігерге дейін сатылас бақылауды қамтамасыз ете отырып, мердігерлік компанияларда өндірістік ортаны мониторингтеу жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру бойынша оң тәжірибелері аталып өтті.

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ахмурзина өз сөз сөйлеуінде 2017-2019 жылдарға арналған ҚР мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ, химия салаларындағы салалық келісімді іске асыру барысы және 2020-2022 жылдарға арналған жаңа Салалық келісім жобасындағы негізгі өзгерістер туралы айтты. Сонымен қатар Л.Ахмурзина қатысушыларға ағымдағы жылы «KAZENERGY» қауымдастығы мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясы Қазақстанның ЖОО техникалық мамандықтарының студенттері мен магистранттары арасында «StudentDigitalFest» зияткерлік командалық конкурс өткізетіндігін де айтып өтті. Конкурс мұнай-газ және энергетика салаларының компанияларына жастардың цифрландыру саласындағы инновациялық жобаларды/технологиялық шешімдерді әзірлеу бойынша бастамалары мен инновациялық жобаларын қолдау жолымен адами капиталды, саладағы білікті кадрларды дамытуда және жетілдіруде жәрдемдесу бойынша міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әлеуметтік саясат департаментінің директоры Е.Рахымбергенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы өткізілетін әлеуметтік саясат туралы тәжірибемен бөлісті.
«Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподағының төрағасы С.Қалиев кәсіподақтарға мүшелік ұйымдарында әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу жүйесін дамыту туралы айтты және мердігерлік ұйымдарды ұйымдарда кәсіподақтарды құруға шақырды. Сонымен қатар «Әлеуметтік әріптестік пен кәсіподақтардың негізгі рөлі» тақырыбы талқыланды.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясының еңбек ресурстарын басқарушы Суриянараяна Раджгопал «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» әлеуметтік саясаты туралы сөз етті, сонда-ақ Батыс Қазақстан облысының мұнай-газ саласында әлеуметтік жағдайды одан әрі жақсарту және тұрақтандыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды жасау маңыздылығын атап өтті. Осы жұмыс шеңберінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Бірінші энергетика вице-министрі бекіткен «КПО Б.В. мердігерлік ұйымдарында әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге және наразылық акцияларының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың кешенді жоспарын» әзірледі. Аталған іс-шаралар еңбек қатынастары саласындағы мәселелерге жедел ден қойып, оларды шешу мүмкіндігін береді.
Батыс Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы А.Айтуев әлеуметтік әріптестікті дамыту және әртүрлі деңгейлерде еңбек қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау бойынша іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Жалпы, семинар-кеңес қатысушылары әлеуметтік әріптестік тараптарының арасындағы өзара қарым-қатынастардың тиімді жүйесін қалыптастыруда осындай көшпелі семинар-кеңестердің маңыздылығын атап көрсетті.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек ұжымдарында және салалық деңгейде әлеуметтік саясатты жақсарту және әлеуметтік диалогты дамыту бойынша ұсынымдар айтты.

главная!.jpg

5Q5A5126!.jpg

5Q5A5051_.jpg

5Q5A5327!.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.