Мұнай Brent: 44.4000 от 09.08.20 (11:48)

Ең озық қолжетімді технологияларды енгізуде қандай кедергілер бар?

Ең озық қолжетімді технологияларды енгізуде қандай кедергілер бар?
Өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінде ең озық қолжетімді техникаларды енгізу отандық бизнеске тиімсіз болуы ықтималдығы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің отырысында талқыланды

11@.jpg

Экологиялық кодекстің жаңа редакциясында ең озық қолжетімді технлогиялар және экономикалық ынталандыру шараларын енгізу мәселелері түйткілді болмақ.

«Аталған мәселелерді бірнеше рет көтергенбіз, өйткені кодексте жазылға ең озық қолжетімді технологияларды енгізу мұнай, тау-кен металлургия және энергетикалық секторға тікелей қатысы бар. Бұл жайт қосымша шығындарға әкеп соғады, аталған шығындар кодекс жобасы редакциясында үкіметтің экономикалық блогы есепке алмаған», – деді KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжанов.

22@.jpg

Жаңа кодексті әзірлеу кезінде министрлікпен ең озық қолжетімді технологияларды енгізгеннен кейінгі экономикалық әсер бойынша есептеулер жүргізілмеді.

Бұдан бөлек, Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға арналған қолданыстағы ынталандыру шаралары мен жеңілдіктерді алып тастауды ұсынды, бұл жайт қосымша шығындарға әкеп, бизнесті қиын жағдайға қалдырады.

Қауымдастықтар алып тасталынатын преференциялардың тізімін алды. Тізімде жиынтық табыс, алымдар, салық салынатын табысты төмендету, ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін алып тастау, пайдалы қазбаларды өндіруге салықты енгізуді қолдауды қамтиды.

«Ең маңызды салықтық жеңілдік – ішкі нарыққа мұнайды жеткізу немесе беруде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша жеңілдетілген мөлшерлемелердің алынып тасталуы. Біз өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жұмыс істемейтін компаниялармен бірге есептерді жүргіздік. Орта есеппен мұнайды жеткізу бойынша жеңілдіктерді алып тастау пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін шамамен 10%-ға арттырады. Сонымен қатар мұндай түзету мұнай өнімдерін 1 литрге шаққандағы бағасын орташа есеппен 8 теңгеге өсіреді», – деді KAZENERGY қауымдастығының Қаржы-экономикалық талдау департаментінің директоры Нұрлан Жанекенов. .

33@.jpg

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт айтуынша, Ұлттық палата ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа Кодекс жобасына ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді ынталандыру шараларын енгізу қажеттілігі туралы үндеу тастады, өз кезегінде бұл ұсыныстар да ескерілмеген.

«Мәселе түйткілді. Талаған шаралар экономикаға қалай әсер ететінін ешкім есептеген жоқ, біздің ұсыныстарымыз бен ескертпелеріміз қаралды, бірақ ескерілмеді. Қауымдастықтарға тау-кен металлургия секторы және энергетиктермен бірлесе отырып, бір позицияны шығарып, проблемалар жайында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовке айту керек деп санаймын», – деп атап өтті Комитет төрағасы Данияр Абылғазин.

44@.jpg

Сонымен қатар жиын барысында Рүстем Қабжанов сұйытылған мұнай газын электронды сауда алаңдары арқылы өткізудегі ағымдағы мәселелер жайында ақпарат берді.

Қазіргі таңда электронды сауда алаңдрында өткізіліп жатқан сұйытылған мұнай газының үлесі 15%-ға артқан. Алайда газдың 85%-ын зауыттар Энергетика министрлігі реттеп отырған бағамен сатуға мәжбүр.

Айта кетелік, 2020 жылдың 1 наурызынан бастап электронды сауда алаңдарында сатылатын сұйытылған мұнай газ үлесін 25%-ға дейін арттыру көзделген.

«Реформаның түпкі мақсаты – елдің ортақ көтерме нарығын қалыптастыру, онда сұйытылған мұнай газын ішкі тұтынудың кеңеюіне ғана емес, сонымен қатар өндірушілер үшін инвестициялық мүмкіндіктердің өсуіне ықпал ететін баға теңгерімді тізбегі пайда болады. Әзірше зауыттар шығындалуда, кіріс жер қойнауын пайдаланушыға емес, алып сатарға кетіп жатыр. Бүгінде нарықта 300-ге жуық компания сұйытылған мұнай газын сатумен айналысады. Әдетте, бұл газды алып сататын аз капиталы бар шағын кәсіпорындар», – деді Рүстем Қабжанов.

Өңірлік алаңдар шеңберінде сауданың ағымдағы тәртібі елдегі бағалық индикаторларда 60%-ға дейін айырмашылық барын көрсетті. KAZENERGY компаниясы шешім ретінде электронды сауданы кеңейтумен бірге баға теңгерімсіздігін жою үшін аймақтық нарықтарды біріктірудің жоспары мен механизмін дайындауды ұсынды. Сонымен қатар уақытша негізде, дербес жұмыс істейтін жанармай құю станцияларына арнап жеткізушілердің кепілдендірілген институтын құрып, электронды платформаларға қатысты талаптар мен тексеру мүмкіндігі арасындағы заңнамалық қайшылықты болдырмау ұсынылды.

«Оларға нақты уақыт режимінде қосарлы қарымта аукцион мониторингін жүргізудің кестесі мен тәртібіне қатысты опцияны қосу керек, осылайша баға бойынша келісіп алушылықты жоюға болады. Өкінішке қарай, заңгерлік қайшылықтар салдарынан сатушылар арасында бағаны келісіп алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы қауымдастық айтқан болатын, осы жайттарды жойғымыз келеді», – деді спикер.

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев зауыттарға бағаны төмендетуді бірнеше жыл бойы ұсынып келе жатқанын айтты.

55@.jpg

«Оның орнына шекті бағаны белгілеңіздер, осылайша пистолетте баға өспейді. Зауытқа нарық алып сатарлардан тазаратындай баға белгілеу қажет», – деп ұсынды Алик Айдарбаев.

Данияр Абылғазин жиынды қорытындылай келе, ҚР Энергетика министрлігіне сұйытылған газ нарығын реттеу механизмдерін егжей-тегжейлі зерттеу қажеттігін айтты. Өйткені сұйытылған мұнай газын көтерме бағасын темендеткенде бөлшек бағасы көтеріледі.
Комментарий