top
top
Жаңалықтар

2020 жылғы 24 қарашада сағат 12.00-де бейнеконференция режимінде мемлекеттік органдар өкілдері мен қауымдастықтар мүшелерінің қатысуымен «Кедендік реттеу» ...

2020 жылғы 24 қарашада сағат 12.00-де бейнеконференция режимінде мемлекеттік органдар өкілдері мен қауымдастықтар мүшелерінің қатысуымен «Кедендік реттеу» бағыты бойынша KAZENERGY қауымдастығының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысы өтті

Отырысқа ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қауымдастыққа мүше компаниялардың: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, ТШО, NCOC, KPO, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер талқыланды:
  1. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне және «ҚР Кедендік реттеу туралы» Кодексіне өзгерістер енгізу бойынша;
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 225 бұйрығына: жер қойнауын пайдаланушылар тауарларының ерекшелігін ескере отырып, шартты түрде шығарылған тауарларды бақылау тәртібін өзгерту және онда бар «ҚР Кедендік реттеу туралы» Кодекстің ережелеріне қайшылықтарды жою бөлігінде өзгерістер енгізу;
  3. «Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 бұйрығына: мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру тәртібін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізу.

Отырыс қорытындысы бойынша мынадай шешім қабылданды:
  • Бірінші мәселе бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне енгізу үшін ұсынылған түзетулерді мемлекеттік органдарға жіберу.
  • Екінші мәселе бойынша шартты түрде шығарылған тауарларды бақылау тәртібін толық түсіндіру туралы ҚР ҚМ МКК сұрау салу.
  • Үшінші мәселе бойынша Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының кедендік декларацияларды толтыру тәртібін өзгерту жөнінде ҚР ҚМ хат жолдау.

2.png
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.