top
top
Жаңалықтар

ДМК Атқару комитетінің отырысы туралы

23 мамырда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ДМК) маркетинг бойынша Вице-Президенті Жамболат Сәрсенов 17-21 қыркүйекте Калгари қаласында (Канада) өтетін Дүниежүзілік мұнай конгрессі ұйымын өзгерту жоспарларына және оған дайындық мәселелеріне араналған ДМК Атқару комиетінің кезекті отырысына қатысты.

Атқару комитетінің мүшелері ДМК қызметін өзгерту бойынша Алматы декларациясын іске асыру және 24-ші Дүниежүзілік мұнай конгресінің басталуы қарсаңында 16 қыркүйекте Калгари қаласында өтетін ДМК Кеңесінде жаңа Стратегияны бекіту қорытындыларын талқылады.

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев бастаған қазақстандық делегация Канадада Дүниежүзілік мұнай конгресіне қатысуды жоспарлап отыр.

Калгари қаласында қазақстандық министрлік сессияны, ДМК эгидасы бойынша политехникалық университеттерінің дүниежүзілік желісін қалыптастыру бойынша қазақстандық бастамасының презентациясын, сондай-ақ мұнай саласының көшбасшыларымен екі жақты кездесулерді өткізу жоспарлануда.

Қазақстан 2008 жылғы маусымнан бастап ДМК толық құқықты мүшесі болып табылады, Қазақстандық ұлттық комитетінің функцияларын KAZENERGY қауымдастығы атқарады.

Қазақстандық ұлттық комитеті сөз сөйлеуінен бастап ұйым мүшелері арасында байланысты нығайту бойынша бірқатар бастамаларды іске асырды, олардың арасында 2022 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында «Энергетикалық өту: ұрпақ диалогы» тақырыбында ДМК VII Жастар форумын өткізу ерекше орын алды.

2012, 2018 және 2022 жылдары KAZENERGY қауымдастығы Астана қаласында Ұйымның жоғары органы – ДМК Кеңесінің отырыстарын ұйымдастырушы болды.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.