2024 жылғы 2 ақпанда KAZENERGY мүшелерінің сұрауы бойынша Қауымдастық «Айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесі» Қазақстан Республикасы Үкіметі жобасының ережелерін түсіндіру бойынша вебинарды ұйымдастырды.
Вебинардың спикерлері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері болды.
Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан әдістемеге сәйкес айлық жалақының ең төменгі мөлшері медиандық жалақының салмағына, үлесіне және еңбек өнімділігінің салмағына, үлесіне негізделген көрсеткіштерден шыға отырып белгіленетіндігін нақтылаймыз.
Вебинардың қорытындысы бойынша қатысушылар Қауымдастық пен оның мүшелері айлық жалақының ең төменгі мөлшерін есептеуді дайындауға қатысады деген келісімге келді.
KAZENERGY өз мүшелеріне, сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті органға жобаларды дайындауға белсенді қатысқандығы үшін алғысын білдіреді.