top
top
Жаңалықтар

Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ, химия салаларының кәсіптік біліктілігі жөніндегі салалық кеңестің кезекті отырысы өтті

Іс-шара "KAZENERGY" қауымдастығының Адами капиталды және еңбек қатынастарын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Ләззат Ахмурзинаның төрағалығымен өтті. Оған ҚР энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "QazaqGaz Aimaq" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында БТБА-мен (Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы) кәсіптік стандарттарды үйлестіру мәселелері қаралды:
  • ”Тарату газ құбырын пайдалану және жөндеу”
  • "Көмекші жүйелерге, бақылау-өлшеу аспаптарына және автоматикаға қызмет көрсету"
  • "Мұнай тасымалдауды басқару".

Сондай-ақ мамандыққа сұранысты анықтау және қазіргі заманғы шындықты ескере отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне ден қою мәселелері талқыланды. “ЕРДО” АҚ Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын түсіндірді.

Мұнай-газ және мұнай-газ, химия салаларындағы ағымдағы және болашақ жобалар шеңберінде "Силлено" ЖШС компаниясы тыңдалды. Компания өкілі "Жаңа кәсіптер мен құзыреттілік атласы" шеңберінде жаңа Кәсіптік стандарттар құру бойынша болашақ мамандықтарды айқындау бөлігінде жұмыс жалғасатынын атап өтті.

ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері БТБА жұмысшы кәсіптері бойынша біліктілік разрядтарының болуын талдау және оларды БТБА-дан шығару үшін кәсіптер тізбесін дайындау мәселесін көтерді. Салалық кеңес мүшелері бұл мәселені жұмысқа қабылдады.

msg530479817-7714.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.