Нұрлан Жүсіпұлы Жанекенов 1972 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы «Эксимбанк Қазақстан»-да бас маман болып бастады.
- 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде бас экономист болып жұмыс жасады.
-
1999-2002 жылдары “Қазақойл-ЯҰМК” операциялық құрылымында (геологиялық барлау) менеджер-бухгалтер қызметін атқарды.
-
2002-2004 жылдары “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ бюджеттеу департаментінің бас менеджері.
-
2004-2012 жылдары “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ перспективалық даму департаментінің директоры.
-
2012-2013 жылдары «Карповский Северный» ЖШС (геологиялық барлау) бас директоры.
-
2013 жылғы сәуірден бастап «KAZENERGY» қауымдастығының департамент директоры, басқарушы директоры, қаржы директоры.