top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидаларына (әдістемесіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмысты бастайды  

2022 жылғы маусымнан бастап Қазақстан мұнайы "KEBCO" (Kazakhstan Export Blend Crude Oi) болып өзгертілді, бұл оны Ресей мұнайынан алшақтатуға және санкциялық тәуекелдерден шығаруға мүмкіндік берді.

Өз кезегінде, Халықаралық баға агенттіктері әр түрлі уақыт кезеңінде Urals (MED) және Urals (Rttm) баға белгілеулеріне KEBCO баға белгілеуін және сыйлықақысын/жеңілдігін жариялай бастады, олардың соңғысын жер қойнауын пайдаланушылар Еуропа бағытында шикі мұнайды өткізу бағасын есептеу кезінде баға белгілеу формуласында ескереді.

Бүгінгі күні қолданыстағы Қағидаларда (Әдістемеде) Urals (MED) және Urals (Rttm) баға белгілеулеріне KEBCO сыйлықақысын/жеңілдігін есептеу тетігі, оның ішінде ресми танылған ақпарат көздерін пайдалану тәртібі жоқ екенін ескере отырып, бұл мәселе мемлекеттік кірістер органдары мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында (жүргізілетін салықтық тексерулер шеңберінде) дау туғызады, олар түзетілетін кірісті, салықтарды, өсімпұлдарды, әкімшілік айыппұлдарды айтарлықтай есептеуге әкеледі.

Осыған байланысты KAZENERGY қауымдастығы Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидаларына (әдістемесіне) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 647 қаулысымен бекітілген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмысына бастамашылық етеді.

Ұсыныстар болған жағдайда KAZENERGY қауымдастығы жұмыс кеңесі форматында оларды қарауға және талқылауға дайын. Барлық мәселелер бойынша Фискалдық реттеу департаментіне жолығуға болады (+7 7172 79 01 77).
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.