Бүгін Астанада Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орай еліміздің мұнай-газ саласының дамуына ерекше үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болған адамдардың тізімі:
Ерегенов Бахыт Тасқынұлы - «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС бас директоры, «Құрмет» ордені
Серік Кәкенұлы Мұқашев - «Өскемен ЖЭО» ЖШС электр цехының VI разряд РҚА жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері, III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені
Дүйсенбаев Ғапур Зұлкарнайұлы - «ҚазРосГаз» ЖШС Бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені
Бүркітбеков Мәди Құсайынұлы - «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалі
Медина Тұрлан Дүйсешұлы - «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС Бизнесті дамыту қызметінің басшысы, «Ерен еңбегі үшін» медалі
Сондай-ақ мұнай-газ секторының қызметкерлері мен сала ардагерлері «Қазақстан мұнайына 125 жыл» KAZENERGY мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
-Бүгін біз еліміздің тарихындағы маңызды оқиғаны — Қазақстан мұнайының 125 жылдық мерейтойын атап жатырмыз. Мұнай-газ саласының қызметкерлеріне, ардагерлеріне, инженерлерге, операторларға, геологтарға, бұрғылаушыларға, технологтарға және еліміздің игілігі үшін еңбек ететін барлық жұмысшыларға алғысымды білдіремін. Сіздердің үлестеріңізді бағаламау мүмкін емес. Сіздер - заманымыздың нағыз батырларысыз! KAZENERGY қауымдастығы мұнай-газ саласының мүдделерін қорғай отырып, жетістіктеріңізді мақтан тұтады және саланың одан әрі дамуы мен өркендеуіне барлық жағдайды жасауға ұмтылады. Біз жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып жатқанына сенімдіміз және бәріміз бірге одан да биік шыңдарға жете аламыз, - деп атап өтті «KAZENERGY» қауымдастығының Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.