top
top
Жаңалықтар

Астанада «KAZENERGY» қауымдастығының қатысуымен «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырған «Энергетикадағы әйелдер: Әріптестік, Прогресс, Перспективалар» бірінші Әйелдер энергетикалық форумы өтті.

Форум аясында энергетика саласындағы әйелдердің өкілдігіне, корпоративтік мәдениеттегі өзгерістерге, сондай-ақ сектордағы әйелдердің болашағы мен жетістіктеріне қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Іс-шараға Қазақстанның түрлі салаларындағы әйелдер, сондай-ақ Қырғыз Республикасының энергетикадағы әйелдер қауымдастығының өкілдері қатысты. Қатысушылар тәжірибе алмасып, энергетика саласындағы әйелдер үшін негізгі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылады.

Форумда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова, «БҰҰ-әйелдер» Қазақстандағы құрылымының кеңсесі басшысының м.а. Дина Амришева, «KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту және еңбек қатынастары жөніндегі атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина және т.б. сөз сөйледі.

Іс-шара соңында форумның қарары (резолюция) қабылданды.

5409033391577358243.jpg

5409033391577358240.jpg

5409033391577358235.jpg

5409033391577358234.jpg

5409033391577358239.jpg

5409033391577358238.jpg

5409033391577358236.jpg

5409033391577358241.jpg

5409033391577358242.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.