top
top
Жаңалықтар

СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БАҒАСЫН ТҮЗЕТУ – НАРЫҚТЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЛАНЫҢ ДАМУЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газының (бұдан әрі – СМГ) шекті көтерме бағасын түзету жөніндегі бастамасын қолдайды. Бұл қадам осы саладағы теңгерімсіздіктерді жоюға және СМГ ішкі нарығының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Соңғы жылдары СМГ өндірушілер өндіріс құнының өсуіне душар болып келеді. Қазіргі уақытта СМГ-ның бір тоннасының өзіндік құны 65-тен 75 мың теңгеге дейін, ал өндіруші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына небәрі 45 158 теңгені құрайды. Мұндай сәйкессіздік өндірушілер шығындардың қордаланып қалуына әкеліп соқтырады және олардың жабдықты жаңарту, жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу және тиімділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін шектейді.

Қазақстанда СМГ тұтыну өсіп келеді: ол 2022 жылы 1,8 млн тонна болса, 2024 жылы 2,4 млн тоннаға жетті. Осылайша қарқындап келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыру үшін газ өңдеу кәсіпорындары үшін қаржылық жағынан тұрақты және инвестициялық жағынан тартымды жағдайлар жасау маңызды қадам болар еді.

Шекті көтерме баға тоннасына 51 932 теңгеге дейін көтерілуіне қарамастан, Қазақстандағы СМГ бағасы – әлемдегі ең төмен бағалардың бірі. Өңірлік ерекшеліктерге байланысты бөлшек сауда бағасының 6-21 теңгеге біртіндеп өсуі халық үшін ресурстың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Бағаларды түзету СМГ-ның ішкі нарығын тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету, газ өңдеу қуаттарын жаңғырту, салаға инвестициялар тарту және болашақта газ тапшылығы қаупін азайту үшін жағдай жасау үшін маңызды қадам болады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.