KAZENERGY қауымдастығында Жапонияның ТМД елдерімен сауда-саттық жөніндегі іскерлік қауымдастығының (ROTOBO) Жаңа тәуелсіз мемлекеттерді экономикалық тұрғыдан зерттеу институтының басшылығымен кездесу өтті. Кездесуге сондай-ақ KAZENERGY Ұлттық энергетикалық баяндамасын (ҰЭБ) дайындау бойынша KAZENERGY қауымдастығының серіктесі болып табылатын S&P Global корпорациясының өкілдері қатысты.
Әңгімелесу барысында KAZENERGY Ұлттық энергетикалық баяндамасына Украинадағы қақтығыстың Каспий маңы мемлекеттерінің мұнай-газ саласына және экспорттық стратегияларына әсері туралы РОТОБО жүргізіп жатқан зерттеу аясында шолу жасалды.
Қазақстаннан энергия тасымалдаушыларды әлемдік нарыққа жеткізу маршруттарын әртараптандыру перспективалары, қазақстандық мұнай экспортын ұлғайту мүмкіндіктері және жаңа инвесторлар үшін саланың тартымдылығын арттыру туралы қызу пікіралмасу болды.
KAZENERGY және ROTOBO бірнеше жылдан бері бірлескен бастамаларды іске асырып келе жатқан дәстүрлі серіктестер болып табылады. Бұл ретте Kazakhstan Energy Week-2023 / XV KAZENERGY Еуразиялық форумы аясындағы көміртекті бейтараптық және жасыл трансформация мәселелері бойынша өткізілген семинарды соңғы уақытта іске асырылған іс-шаралардың арасынан айрықша атап өтуге болды.
