top
top
Жаңалықтар

ЭТАН ЖӘНЕ ПРОПАН ҚҰБЫРЛАРЫН САЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

KAZENERGY қауымдастығында Атырау облысында этан мен пропанды тасымалдауға арналған магистральдық құбырлар құрылысын құқықтық реттеу мәселелері талқыланды. Бұл құбырлар осы аймақтағы мұнай-химия саласын дамытуға маңызды әсер ететін полиэтилен және полипропилен зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ететін болады.

Кеңеске ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚазСтандарт» РМК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «KMG PetroChem» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, «Силлено» ЖШС, «Мұнай-газ-химия қауымдастығы» ЗТБ және «Холлер Ломакс» ЖШС өкілдері қатысты.

Заңнамада этан және пропан құбырларын салуға қажетті нақты нормалардың болмауы жиын барысында талқыланған негізгі мәселе болды. Қатысушылар осы саладағы заңнаманы жақсартуға көмектесетін құқықтық реттеу тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасауды ұсынды.

Жиынға қатысушылар осынау мәселені егжей-тегжейлі талқылай отырып, қажетті ережелерді әзірлеу үшін тұрақты кездесулер өткізіп тұру арқылы бірлескен жұмысты жалғастыра беруге келісті.

Изображение-WhatsApp-2025-03-18-в-18.25.42_af15f657.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-03-18-в-18.25.42_efeb890e.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-03-18-в-18.25.42_1a38740e.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-03-18-в-18.25.42_4df8f191.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.