top
top
Жаңалықтар

«Мұнай-газ саласына арналған инновациялар» ғылыми-техникалық кеңесінің 20-шы мәжілісі

12-желтоқсанда KAZENERGY қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңесінің 20-шы мәжілісі KAZENERGY қауымдастығы Трағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННІҢ төрағалық етуімен «Мұнай-газ саласына арналған инновациялар» деген тақырыппен өтті.

Мәжіліске қатысушылар мынадай тақырыптарды қозғады: тігінен көлбеулетіп көлденең бұрғылау – әлемдегі қол жеткен жетістік және табыс кілті, жаңғыртылған өндірудің жаңа технологиялары, коллектормен барынша контакт жасау және ұңғыманың өнімділігін арттыру үшін көлденең ұңғыны бұрғылау кезінде ҰГЗ (ұңғыманы геофизикалық зерттеу) инновациялық технологиясын қолдану, селективтік резонансты-толқынды әсер әдісімен көмірсутегін белсендіру активация, қуатқа қанық материалдарды және осының негізіндегі құрылғыларды пайдалана отырып қабаттың мұнай беруін белсендіру технологиясы, мұнай беруді ұлғайту әдісі және мұнай ұңғымаларының өнімділігін арттыратын әдіс, сонымен қатар PRMS стандарты бойынша Қашаған кен орнынның қорларын ре-классификациялау бойынша есеп тыңдалды.

НКОК Н.В. техникалық реттеу бөлімінің бастығы Зейнеп ЕСБУЛАТОВА PRMS стандарты бойынша Қашаған кен орнынның қорларын ре-классификациялау бойынша есеп берді (КС ресурстарын басқару жүйесі). Баяндамашы ТМК (тапсырыстар бойынша мемлекеттік комиссия) стандарттарына қатысты басымдығын атап көрсетті, сонымен қатар KAZENERGY жұмыс тобына ұсыныстар берді. НКОК компаниясы PRMS 6 категориясы бойынша қорлар топтастырылған жылдық есептілікті ұсынады: дәлелді игерілген, дәлелді игерілмейтін, ықтимал, болуы мүмкін және шартты базалық варианттағы ресурстар. Аталған категориялар НКОК және Мердігерлік компаниялардың тәжірибесіне сүйене отырып іріктелді.

Инженер және бұрғылау бойынша халықаралық сарапшы Санжар ЖАРКЕШЕВ көлденең бұрғылау саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, дүниежүзілік тігінен көлбеулеп бұрғылау (ТКБ) тәжірибесі туралы әңгімелеп берді. Баяндамашының айтуынша ТКБ технологиясы мұнай өндіруді жеңілдетеді, ресурстардың қол жетімділігін жеңілдетеді және кәсіпорын шығындарын азайтады. Санжар ЖАРКЕШОВ Ұлыбританияның инженерлік кеңесінің мүшесі, БОВ Merlin ERD Ltd бұрғылау курсының лекторы, сонымен қатар Королева Елизавета II сыйлығының, «Бұрғылау саласындағы жоғары жетістіктері үшін» халықаралық SPE сыйлығының иегері болып табылатынын атап көрсетеміз.

«Механикаланған өндірудің жаңа технологиялары» және «Коллектормен барынша контакт жасау және ұңғыманың өнімділігін арттыру үшін көлденең ұңғыны бұрғылау кезінде ҰГЗ (ұңғыманы геофизикалық зерттеу) инновациялық технологиясын қолдану» тақырыптарында Шлюмберже Қазақстан өкілдері Андрей ФАСТОВЕЦ және Аман МАХАМБЕТОВ сөз сөйледі.

«АST Nedra» ЖШС компаниясының және «Энергия» ҒӨБ ЖШҚ, «Асгард» ҒЗИ АҚ өкілдері Ренат ХАМИДУЛИН мен Александр БАЖЕНОВ SNIREX технологиясын – физика-химиялық қағидаттарға негізделген атомдарды қоздыратын селективтік резонансты-толқынды әсер технологиясын таныстырды. Бұл технологияның мақсаты 4 облыста қолданылатын ЖЭК кәсіпорындарының тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін арттыру болып табылады: ұңғыма – өндіру орнындағы шикізат сапасын арттыру үшін; транспорттау – эксплуатациялық шығындарды азайту үшін; МӨЗ – өңдеу тереңдігін, оның ішінде ауыр мұнайды өндіру тереңдігін арттыру үшін; мұнай құрамдас қалдықтарды қайта өңдеу – экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін; технология міндеттері: бастапқы шикізаттың сапасын арттыру, өңдеу тереңдігін, оның ішінде ауыр мұнайды өндіру тереңдігін арттыру үшін, дайын өнімнің сапасын арттыру, эксплуатациялық шығындарды азайту, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

«СервисДАЛАгруп» компаниясы өз кезегінде қуатқа қанық материалдарды және осының негізіндегі құрылғыларды пайдалана отырып қабаттың мұнай беруін белсендіру технологиясын ұсынды. «СервисДАЛАгруп» ЖШС кеңесшісі Александр МАРСОВ термогазқышқылды модулі бар кешенді перфоратор туралы әңгімелеп берді. Модуль қабатты ашуға, сонымен бірге ағынды тарту және перфорациямен бір уақытта ұңғыманың дебитін ұлғайту немесе қалпына келтіру мақсатында мұнай, газ және басқа ұңғымаларда термогазқышқылды өңдеуге арналған.

"EASTEOR SERVICE"ЖШС компаниясының директоры, геология ғылымының докторы Оуян Вэньшень мұнай беруді ұлғайту әдістері және мұнай ұңғымаларының өнімділігін арттыратын әдістер туралы соңғы болып сөз сөйледі.

Мәжіліс соңында ҒТК Төрағасы осы жобалар мен мәселелер қазіргі уақытта өзекті болып отырғанын және әрқайсысын өз бағыты бойынша дамыту перспективасы бар екенін атап айтты. Ұзақбай ҚАРАБАЛИН ҒТК қатысушыларына алғыс айтып, KAZENERGY қауымдастығы биыл шығарған «Тәуелсіз Қазақстанның мұнай-газ саласы» кітабын сыйға тартты.

IMG_8353.jpg

IMG_8298.jpg

IMG_8309.jpg

IMG_8333.jpg

IMG_8313.jpg

IMG_8302.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.