top
top
Конкурстар
«STUDENTS ENERGY CHALLENGE»
КОНКУРСЫНЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСУ ҮШІН КОМАНДАЛАР айқындалды
KAZENERGY қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп, «Students Energy Challenge» конкурсын іске асыру кезеңдеріне сәйкес конкурсант командалардың ұсынған бейне-түйіндемелеріне бағалау жүргізгендігі туралы хабарлайды.

Ұсынған бейне-түйіндемелерді бағалау қорытындысы бойынша конкурстың келесі кезеңіне өтетін мынадай командалар айқындалды:
  1. Wind of Change Назарбаев Университеті;
  2. Innovation WKATU Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті;
  3. Geothermal Energy Group (GeoEG) Назарбаев Университеті;
  4. Dream Team Қазақстан-Британ техникалық университеті;
  5. Thunder Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  6. EITI Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
  7. EcoTeam А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
  8. 24 ELEMENT Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;
  9. FEOGI Қазақстан-Британ техникалық университеті;
  10. QazTechAutomatics Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
  11. OxyGEN Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
  12. Поколение Эко Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті;
  13. Fam Қазақстан-Британ техникалық университеті.
Төртінші кезең Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы 1-2 шілде аралығында өтетін болады, мұнда 13 комада «Shell NXplorers» сыни ойлау дағдыларын дамыту жөніндегі тренингке қатысады.

Студенттік командаларға жобалық жұмыстарды сапалы дайындауға қолдау көрсету мақсатында а.ж. тамызда «Ernst & Young» Бизнес академиясы бизнес-тренерінің қатысуымен «Тиімді презентация жасау» тақырыбында вебинар форматында шеберлік класын өткізу жоспарланады.

Конкурс жеңімпаздары «Шелл Қазақстан» компаниясынан сыйлықтарға ие болатындығын (18 000 АҚШ долларына дейін) еске саламыз.

Ұйымдастырушылар конкурстың үшінші кезеңіне қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреді және а.ж. 22 шілдеге дейін «Конкурс туралы ережеге» сәйкес 13 команданы сарапшылардың қарауына өз жобалық ұсыныстарын ұсынуға шақырады. Командалардың өз жобаларын қорғауы KAZENERGY XI Жастар форумының шеңберінде а.ж. 23-24 қыркүйекте өтеді (тіркелу www.kazenergyforum.com сайтында, қатысу тегін). Сонымен қатар командаларға Жастар форумының қатысушылары алдында өз жобаларын таныстыру мүмкіндігі берілетін болады.

Сәттілік тілейміз!

f42c80d9e4544261.jpg
«Құрметті достар, Қауымдастық атынан және жеке өз атымнан «Student Energy Challenge» конкурсының барлық қатысушыларына шын жүректен сәлемімді жолдаймын. Конкурсты ұйымдастыру біздің қызметіміздің маңызды бағыттарының бірі – адами капиталды дамыту бөлігінде өте маңызды оқиға. Бұл іс-шара дарынды жастарда зияткерлік дағдыларының дамуына жаңа көзқараспен қарауға, өз қатарластарымен тиімді өзара іс- қимыл жасау процесіне студенттердің қатысуын белсендіруге, тәжірибе алмасуға және энергетика саласындағы проблемалы мәселелерді шешудегі инновациялық әзірлемелерді табысты көрсетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. «Шелл» компаниясына ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз. Осы жоба, осы жылғы форум мазмұнды контентпен және қызықты кездесулермен есте қалатындығына, перспективалы идеялар мен бастамаларды ілгерілетуге себеп болатындығына үміттенеміз.»

Ұзақбай Қарабалин
«KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары

5873333333.jpg
«Біз бұл конкурсты «KAZENERGY» қауымдастығымен серіктестікте бастамашылық ету және қаржыландыру туралы шешім қабылдағанымызды мақтан тұтамыз, өйткені біз энергетиканың болашағы жас ұрпақтың қолында екендігінде сенімдіміз. Олардың тамаша идеялары бар және олар планета мен қоғам алдында тұрған міндеттерді, бастысы – жаһандық энергетикалық дилемманы энтузиазммен және терең түсінеді. «Student Energy Challenge» конкурсы барысында келіп түскен жобалық идеялардың сапасы жоғары деңгейде болды, бұл Қазақстанның жаңа ұрпағының дарындылығын көрсетеді. Осы конкурсқа қатысу тәжірибесі барлық қатысушылардың өз идеяларын әрі қарай дамытуға және нақты шешімдерге айналдыруға ынталандырады деп үміттенеміз».

Оливье Лазар
Қазақстандағы «Шелл» концернінің Төрағасы мен Вице-президенті

Вебинар өткізудегі әріптес:

AcLogo.png

«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық конкурсының буклеті, 2018 жыл
«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық конкурсының буклеті, 2017 жыл

«Student Energy Challenge» конкурсы бойынша сұрақтар мен жауаптар

1. Конкурсқа қатысу үшін команданы қалай тіркеу қажет?
Команда капитаны 2019 жылғы 31 наурызға дейін өз командасын www.kazenergyforum.com сілтемесі бойынша Тіркеу → Басты → Тіркеу → Дербес деректерін толтыру → «Жастар форумының қатысушысы болып табыласыз ба?» сұрағына «Ия» деп жауап беру → «Сіз команда капитаны болып табыласыз ба?» сұрағына «Ия» деп жауап беру → Бұдан әрі → «Student Energy Challenge» конкурсына қатысушы команданың тіркеу нысанын толтыру
2. Конкурсқа қатысу үшін комада мүшелеріне қалай тіркелу қажет?
Команда мүшелері www.kazenergyforum.com сілтемесі бойынша тіркеуден өту қажет → Басты → Тіркеу → Дербес деректерді толтыру → «Жастар форумының қатысушысы болып табыласыз ба?» сұрағына «Ия» деп жауап беру → «Ия» деп белгілеу → Бұдан әрі.
3. Жеке түрде қатысуға бола ма?
Жоқ, конкурсқа 3-5 студенттен тұратын командалар ғана қатыса алады.
4. Команда әртүрлі мамандықтардағы/курстардағы/университеттердегі студенттерден тұра ала ма?
Ия, студенттер бір ЖОО атынан шығатын команданы әртүрлі комбинацияда құруы мүмкін.
5. Конкурсқа Қазақстанның шегінен тыс ЖОО-да оқып жатқан студенттер қатыса ала ма?
Жоқ, конкурс отандық техникалық ЖОО студенттеріне бағдарланған.
6. Конкурсқа жұмыс істеп жатқан мамандар қатыса ала ма?
Конкурс барлық командалар үшін тең жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін бакалавриат пен магистратура студенттері үшін ашық.
7.Конкурсқа қатысу үшін жас шектеулері бар ма?
Конкурсқа қатысуға 18-29 жас аралығындағы студенттерге (бакалавриат пен магистратура бағдарламасы бойынша оқитындарға) рұқсат етіледі.
8. Қазақстанның азаматтары болып табылмайтын студенттер қатыса ала ма?
Егер команда қатысушысы қазіргі уақытта ҚР ЖОО студенті болса, онда азаматтығына қарамастан байқауға қатысуға құқығы бар.
9. Бейне-түйіндемені беру тіліне қатысты қандай да бір артықшылықтар бар ма?
Бейне-түйіндеме кез келген үш тілде: қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерде, бірақ орыс тіліндегі қысқаша тезиспен жіберіледі.
10. Жоба паспортын беру тіліне қатысты қандай талаптар бар?
Жобалар/шешімдер үш тілде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерде жіберіледі.
11. Жобаны әзірлеу кезінде командалар оқытушылар (профессорлар) мен тәлімгерлерінің көмегіне жүгіне ала ма?
Команда когнкурсқа ұсынылатын жоба олардың жұмысының және/немесе зерттеуінің нәтижесі болып табылатындығын түсінуі және мойындауы қажет. Тәлімгерлерінің көмегін кеңес алу мақсатында ғана алуға болады. Плагиатпен сақ болуыңызды және цитаталар мен тиісті дереккөз сілтемелерін көрсетуіңізді өтінеміз. Егер ұйымдастырушылар берілген өтінім команданың өз жұмысының нәтижесі болып табылмайтындығын анықтаса, команда байқаудан шеттетілетін болады.
12. Конкурс барысында ұсынылған/әзірленген жобаға/шешімге деген зияткерлік меншік құқығы кімде болады?
Конкурсқа әзірленген/ұсынылған жобалар/шешімдер автор құқығында қалады.
13. Бейне-түйіндемені ұсыну мерзімін ұзартуға бола ма?
Бейне-түйіндемені ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы 2 мамырға дейін (осы күнді қосқанда), осыған байланысты www.kazenergyforum.com → Тіркеу немесе www.kazenergy.com → Қызметі → Білім беру бағдарламасы → Конкурс → Форумға және Конкурсқа қатысу сілтемесі бойынша жылдам тіркелу қажет екендігіне назар аудартамыз.
14. Бейне-түйіндемені бағалау критерийлері қандай?
Бейне-түйіндемеге техникалық жағынан сияқты стилі мен мазмұнына да қатысты қойылатын талаптарды http://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/140/1099/ сілтемесі бойынша орналасқан байқау ережесінен қарауға болады.
15. Ұсынылған бейне-түйіндемені кім бағалайды?
Конкурсқа қатысушы командалардың бейне-түйіндемелерін қарау үшін ұйымдастырушылар өкілдерінен (мұмкін мемлекеттік органдардың және Қауымдастыққа мүше компаниялардың өкілдерінен) бағалау комиссиясы құрылатын болады.
16. Қазылар алқасына кім кіреді?
Қазылар алқасы кейін хабарланатын болады. Барлық мүшелер тиісті біліктіліктері бар тәуелсіз қазылар болады.
17. Жобаны қорғауға шықырылған командалар үшін сапар шығыны төлене ме?
Иә, ұйымдастырушылар тарапы конкурстың соңғы кезеңін өткізу кезеңінде екі жаққа жол жүру, Астана қаласында тұру шығынын өтейді.
18. Конкурс шеңберінде қосымша іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін бе?
Иә, конкурстың IV кезеңінде қатысушы командалар үшін Shell NXplorers «Ойлаудың жаңа технологиялары» атты тренинг, вебинарлар (онлайн оқыту) ұйымдастырылатын болады.
19. Астана қаласында Shell NXplorers сыни ойлаудың дағдыларын дамыту тренингісіне қатысатын 12 команданың жолына жұмсалатын шығыны өтеле ме?
Иә, ұйымдастырушылар тренинг өткізу кезеңінде екі жаққа жол жүру, Астана қаласында тұру шығынын өтейді.
20. Вебинарға қатысу міндетті ме?
Ия, вебинарға барлық команданың қатысуы үшін 1 балл беріледі.
21. Команданың толық құрамы 2019 жылғы 26-27 қыркүйекте өткізілетін финалдық іс-шараға қатыса алмаған жағдайда не істеу қажет?
Мұндай жағдайда команда осындай өзгеріс туралы ертерек ұйымдастырушыға хабар беруі қажет. Егер команда жобаны/шешімді қорғауға шақырылған болса, команда атынан кем дегенде 3 студент – 2 команда мүшесі мен капитан қатысуы қажет.
22. Егер команда соңғы кезеңге өтсе және шорт-параққа енгізілетін болса, қазылар алқасы алдында жобаны қорғау барысында моральдық қолдау үшін достарын, туыс адамдарын шақыруға бола ма?
Иә, егер сіздің командаңыз байқаудың шорт-парағына енгізілген болса, онда командалар өз достарын, туыстарын және/немесе оқытушыларын шақыра алады. Осындай жағдайда бұл жөнінде ұйымдастырушыларға ертерек хабарлау қажет (тіркеуден өту керек болады, ол туралы кейін хабарлайтын боламыз.
23. Конкурс қатысушыларында ұйымдастырушы компанияларда немесе кез келген басқа мұнай-газ компаниясында жұмысқа орналасу немесе практикадан өту мүмкіндігі бола ма?
«Student Energy Challenge» конкурсы қызметкерлерді іріктеу және жұмысқа қабылдау процесі болып табылмайды және оған қатысу жұмысқа қабылдау кезіндегі бағаға әсер етпейді.
24. Ментордың қатысуы міндеті ме?
Ментордың қатысуы қошеметтеледі, бірақ міндетті емес.
25. Ғылыми басшының ментордан айырмашылығы неде?
Ғылыми басшы ұсынылатын команданың ЖОО қатарынан болуы тиіс. Ментор бұл басқа жақтан келген тәлімгер.
26. Жобалар паспорттарының сараптамасын кім жүргізеді?
Жобалардың сараптамасын тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.
27. Жобалар паспорттарының сараптамасы неге әсер етеді?
V кезеңде жобалар паспорттарын сараптау қорытындылары бойынша Ұйымдастырушы мәніне қарап тізім жасайды және Астана қаласында жобаларды қорғауға қатысатын жартылай финалға өткен сегіз команданы іріктейді.
28. Презентация бейнеролигін жасауға қай кезеңде жасау қажет?
IV кезеңде әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (Конкурс туралы ереженің №6 қосымшасы) жобаларды көзбен шолу бойынша презентация бейнероликтерін әзірлеу үшін визуалды креативі саласындағы әлеуетті өнім берушілерді іздестіру ұсынылады.
29. Презентация бейнеролигін қанша команда дайындау қажет?
Жартылай финалға өткен сегіз команда 2019 жылғы 15 тамыздан бастап жобаның негізгі сәттеріне қазылар алқасының назарын аударту мақсатында презентация бейнеролигін жасауға кірісу қажет, презентация бейнеролигін аяқтау және ұйымдастырушыларға ұсыну – 2019 жылғы 15 қыркүйек.
30. Презентация бейнеролигін жасау шығындары өтеле ме?
Ия, презентация бейнеролигін жасау шығындарын ұйымдастырушылар өтейді. Бұл үшін сегіз команда кейіннен Шарт жасасу рәсімі үшін «KAZENERGY» ұйымдастырушысына визуалды креативі саласындағы әлеуетті өнім берушілердің байланыс ақпаратын беруі қажет.
31. Презентация бейнеролигін кім жасайды?
Команда презентация бейнеролигін әзірлеу мақсатында өздігінен таңдайтын визуалды креатив саласындағы өнім беруші компания.
32. Презентация бейнеролигі нені қамтуы қажет?
Презентация бейнеролигі жобаның мақсаттарына қол жеткізілетін құрал моделінің жұмыс жасау принциптерін және конструктивті ерекшеліктерін (объектілерді, тетіктерді модельдеу, құрамдас компоненттері, құрылымы, айналасы, жылжитын/жылжымайтын тетіктер, жұмыс процесі және т.б.) қамтуы тиіс.
33. Жобалар паспорттарын дайындауға қай кезеңде кірісу қажет?
Жоба тақырыбы айқындалған кезде конкурстың бастапқы кезеңдерінде жоба паспортын дайындауға кірісуді ұсынамыз.


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.